Арал теңізінен балық аулауға тыйым салынды
Арал теңізінен балық аулауға уақытша тыйым салынды.
Бұл шектеу 10 маусымға дейін созылады. Себебі осы кезең аралығында балықтар уылдырық шашады. Қызылордалық табиғат қорғаушылар мен полицейлер дария иірімі мен өзекке, тығылып қармақ тастайтындарды күн сайын ұстайды. Бірақ браконьерлер айыппұлмен ғана құтылады. Сондықтан су маржаны қорының молаюына бейжай қарайтындар айдындарды тормен сүзуін қояр емес. Еске сала кетсек, 1 сәуірден бастап Сырдария өзеніне де ау салуға тыйым салынған.
Жасұлан Жақияев, табиғатты қорғау полиция тобының аға инспекторы:
- Іс-шараның 46 күнінде заңсыз балық аулау қағидасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 383-бабымен 73 тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 10 АЕК айыппұл салынды.