Баянауылдағы ұлттық паркте қарақұрт пайда болды
Баянауыл мемлекеттік табиғи ұлттық паркінде тағы да қарақұрт пайда болды.
Бұл жолы Жасыбай бөлімшесінен шыққан. Мамандардың айтуынша, өрмекшінің бұл қауіпті түрі Баянауылда тіршілік етпейтін. Жәндіктер оңтүстіктен келуі мүмкін деген болжам бар. Аймақта улы өрмекші былтыр да табылған еді. Ұлттық парктің ғылыми мониторинг бөлімінің мамандары мен мемлекеттік инспекторлар жою жұмыстарын жүргізген болатын. Парк ерекше қорғалатын аумақ. Сондықтан жәндіктерді жоюға химиялық препарат қолданылмайды. Тек биологиялық жолмен күреседі. Ұлттық парктің солтүстік шығысындағы Торайғыр көлінің маңайынан былтыр табылған қарақұрттың мың жарымнан астам ұясы жойылды. Жұмыртқалары мен 356 аналығы өртелді.