Жамбыл облысында 1600-ден аса сенбілік өтті

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 1600-ден аса сенбілік өтті. Солардың бірі бүгін Таразда өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Студенттер мен мемлекеттік қызметшілер Қарасу каналы маңын арамшөптен тазартып, Денсаулық саябағын ретке келтірді.

Жалпы акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен 800 шақырымнан аса канал мен арық қоқыстан тазартылды. Биыл шаһарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалауға 9,5 миллиард теңге бөлінді. 

Гүлмира Татыбаева, қала тұрғыны:

- «Таза Қазақстан» деп бүкіл ел болып, республика болып шығып жатырмыз. Біз де, міне, бәріміз шығып жатырмыз. Қаламызды тазартуға. Тазалық өзіміздің ауламыздан басталады. Әркім өз ауласын, өз көшесін таза ұстаса, қаламыз да таза болады.