Абай облысында «Таза ауыл» апталығы өтті

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза ауыл» апталығы өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Бородулиха ауданының тұрғындары бір кісідей сенбілікке шығып, қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарын қоқыстан тазартты. Тазалық акциясына Бородулиха ауданы бойынша 80-ге жуық мекеме ұжымы мен 8 мыңға жуық адам қатысты. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы облыс бойынша 52 496 аула тазартылып, 34 мың тонна қоқыс шығарылды. Биыл өңірде 135 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Азамат Жәбезхан, Бородулиха ауданының тұрғыны:

- Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жолданғалы бері ауданымыздың барша тұрғындары қолдап, барлығымыз қатысып жатырмыз. Әр апта сайын түрлі сенбіліктерге шығып, жағалауларды, парктерді тазарту, абаттандыру біздің ауданымызда жүргізіліп жатыр.