Абай облысында «Жасыл ел» жасағы жұмысын бастады
Абай облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХХ маусымы басталды, деп хабарлайды 24KZ.
Өңір жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында Бородулиха ауданының «Тұқым баптау» алқабында жас қарағай көшеттерін күтіп-баптады.
Биыл Абай облысындағы «Жасыл ел» еңбек жасағына 1000-нан аса жас тартылған. Олар өңірді абаттандырумен қатар көгалдандыру жұмыстарымен айналысады.
Айдос Төлеуханов, «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының директоры:
- Жасыл ел еңбек жасағының жастары былтырғы жылы да, биыл да «Таза Қазақстан» акциясында, барлық мерекелік шараларда осындай экоакциялардың басында жақсы жұмыс көрсете білді. Біз қазір ашылу салтанатынан кейін біздің жастар сенімді түрде өңірде өзінің жұмысын жақсы жалғастырады деп ойлаймыз.