Киік саны бір жылда бір миллионға өсті

Киік саны 3 млн-ға жуықтады.

14 сәуір мен 1 мамыр аралығында әуеден санақ жүргізген мамандар осылай дейді.

Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын ақбөкен 20 мыңныҢ маңайында ғана қалған енді. Енді қарасы көбейіп, кең далада еркін көсіліп жүр.

Елдегі киік саны бір жылда бір млн-ға өсті. Қазір қырда 2 млн 800 мыңнан астам киік бар. Басым бөлігі Орал мен Бетпақдала популяциясы. 

Талғат Ердешов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі комитетінің бас сарапшысы:

- Орал популяциясы – 1 млн 620 мың, ал Бетпақдала популяциясы 1 млн 150 мың болды. Үстірт популяциясының саны 63 мың болды. Жалпы, айтқанда, орта есеппен 48 пайызға өсіп отыр.  

Бұл құралайдың салқынына дейінгі санақ. Биылғы төлдің есебімен тағы 45 пайызға көбеюі мүмкін. 

Талғат Ердешов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі комитетінің бас сарапшысы:

- Биыл өсімі жақсы болып отыр. Бұның өзі көктемгі жаңағы төлдеуге дейінгі есебі. Қазір енді төлдеу бітті ғой, сонымен төлдеуден кейін уже көп болады.  

Президент ақбөкен санын реттеуге тыйым салғаны белгілі. Ғалымдар бұл мәселеде ғылымға арқа сүйеу керек дейді. Қазір киікті қолда өсіріп, зерттеу жүргізіп отырған шаруашылықтар бар. 

Айтуған Мұқашев, кәсіпкер:

- Киікті негізі атпау керек. Соны атпай, басқаша жолда пайдалану мәселесін көрсетейік ғылыми, дамыған түрде деген сияқты. Егер де оның мүйізі керек болатын болса, белгілі бір уақытында, негізі киіктің мүйізі, бір жасар, екі жасардың мүйізін алмайды екен. Үш жастан кейін ғана алады екен да киіктің мүйізін. Сол үшін де оны бір жас, екі жасында өлтіріп тастаудың қажеті жоқ. Яғни өсіріп, үш жасқа келгенде толық алатындай қылып. Осының негізі кәдімгідей жолға қоймасқа деп. Аяқасты емес, ғылыми түрде, ғылыми подход керек болғантындай иә. Сонда біз оны өсіріп, қолдан өндіретін болсақ, белгілі бір деңгейде реттеп отырамыз.

Кәсіпкер Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарында киік өсіріп отыр. Зерттеу жұмыстары алдағы екі-үш жылда жемісін беруге тиіс. Яғни бұл шаруашылықтарда ақбөкеннің қоршаған ортаға әсері, оның өнімдерін кәдеге жарату жолдары жан-жақты сарапталады.

Нұрқанат Қанапия, Жандос Битабаров