Жетісуда Taza Like акциясы ұйымдастырылды
Жетісу облысында жастардың бастамасымен "Taza Like" акциясы ұйымдастырылды.
"Аманат" партиясының қолдауымен өткен сенбілікке Кербұлақ ауданының тұрғындары да белсене қатысты. Жастар респурстық орталығының мамандары, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері көпшілік мәдени орындарды тазалап, күл-қоқыстан арылтты. Күреңбел өңірінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталғалы 850 түп қылқанжапырақты ағаш егіліп, 600 тонна қоқыс шығарылған. Ал облыс бойынша елдімекендерден 20 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.
Ерлан Оразбаев, Кербұлақ аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
- Аудан көлемінде 52 шара өткізілді. 52 акцияның ішінде "Таза бұлақ", "Таза өлке" іс-шаралар болды. Ол жерде біз белсенді жастар бірігіп, табиғи орындарды, осындай саябақтарды тазалық жұмыстарын жүргіздік.
Ербол Қасенов, Кербұлақ аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
- Орталық саябақ 2023 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта, Мердігер анықталған жоқ. Эковолонтерлар, белсенділер, мемлекеттік қызметкерлер жұмылдырылып тазалықты сақтап отырмыз.