Ақтөбеде «Таза Қазақстан» аясында өзен-көлдердің жағалауы тазартылып жатыр

Ақтөбеде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өзен-көлдердің жағалаулары тазартылып жатыр.

Бүгін 100-ден астам адам «таза су айдыны» шарасына қатысып, жергілікті су қоймасының маңында күл-қоқыстарды жинады. Мұнда бірнеше шомылу орны болғандықтан келушілер көп. Әрі биылғы су тасқынынан кейін тал-теректің арасы да қоқысқа толған. Жағалаудан өзге, су асты да тазартылды. Бұл үшін балық шаруашылығы инспекциясы мен балық аулау спорты федерациясының өкілдері бірлесіп, суда қалған ауларды жағаға шығарды. Екі бірдей ұйым шомылу маусымы қарсаңында мұндай жұмысты жиі өткізуде. Жалпы, бүгін бұл маңнан 40 тонна күл-қоқыс шығарылды. Ал «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әлі де жалғасын табады.  

Нұржан Шаңғытбаев "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары штабының төрағасы

- Бұған дейін біздер "Жасыл елдің" сарбаздары арқылы "таза жағалау" акциясы аясында Қарғалы өзенінің жағалауын жинаған болатынбыз, Елек өзенінің жағалауын жинап осы кезге дейін 100-ден астам тонна күл-қоқысты шығарып қалалық полигонға жіберген болатынбыз. Пляжный сезон басталғалы тұр өздеріңіз білесіздер. Сол себепті біз жаз бойы жинайтын боламыз.