Атырауда өзендер мен су арналарын тазарту басталды
Атырауда өзендер мен су арналарын тазарту жұмыстары басталды.
Су тасқынның салдарынан Жайық өзені жағалауындағы 25 мың гектардан астам орман су астында қалған еді. Қураған томарлар ағыспен жылжып, өзен аңғарларына үйіліп қалған. Алды Каспий теңізінің сағасына жетіп, су көліктерінің қозғалысына қауіп төндіруде. Жедел штабтың шешімімен арнайы бригада құрылып, суды тазарту жұмысы жүріп жатыр. Арнаулы мекеме жанынан құрылған топ 3 күнде 8 шақырымнан астам аралықты ағаштан арылтты.
Күләнда Әжіғалиева, бригада жетекшісі:
- Қазіргі мезгілде катерімізде 3 жұмысшы, қосымша техникамыз бар. КАМАЗ, манипулятор, жүк тиегіш көліктеріміз дайын тұр. Тиеп алып кетіп жатырмыз. Енді осы тазалық жұмыстарын теңізге дейін тазалық жұмыстарын жалғастырып жүргізе береміз.