Жетісу облысында «Таза бейсенбі» акциясы өтті

«AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен өткен шараға ардагерлер, оқушылар, волонтерлар, «Жасыл ел» жасағы және әртүрлі мекеме өкілдері қатысты, деп хабарлайды 24KZ.

Жиналғандарға алдымен сақтық шаралары түсіндіріліп, содан кейін ғана көпшілік өзен бойын тазалауға кірісті. Пластикалық және шыны құтыларды қапқа салып аумақты ретке келтірді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы сенбіліктерге 120 мыңнан аса адам жұмылдырылған.  

Сәкен Баясыл, облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- 5 мың тоннадан аса қоқыс үйіндісі шығарылды және де 29 мың нан астам жасыл желектер отырғызылды. Қазір облыс аумағында 10 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр.