«AMANAT» партиясының 12 мың белсендісі «Таза бейсенбі» акциясына қатысты
«AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады, деп хабарлайды 24kz.
Апта сайын ұйымдастырылатын шара аясында партиялықтар республика бойынша аумақтарды тазалауға шықты. Олар өзен жағалаулары, орман алқаптары, өндірістік аймақтар және жол бойын азартады. Барлығы 475 учаскені қамтиды. Бір күнде акцияға 12 мың адам қатысты. Экологиялық шара аясында Астанада заңсыз қоқыс алаңына айналған алаң ретке келтірілді.
Даулет Кәрібек, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:
- «Таза Қазақстан» бұл бір реттік акция емес. Таза Қазақстан идеясының артында жаңа мәдениет жатыр. Бұл жерде көшедегі қоқыс тастаудан бастап судың ысыраптығы, жалпы айналадағы экологияға тазалықпен қарау секілді үлкен ойлар жатыр. Қазірден бастап елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігіміздің осы тазалықтан, айналамызға жинақылықпен, дұрыстап қараудан бастауымыз керек.
Сайран Макулова, қала тұрғыны:
- Еліміздің табиғатын қорғайық, таза ұстайық. Өзіміз қадірлеп, өзіміз ұстамасақ ол кімге керек? Осындай акция жалғаса берсін. Тек қана айтарым, барлық жерді шашпай, жинап жүрейік.