Түркістанда «Таза бейсенбі» акциясы басталды
«Таза бейсенбі» акциясы Түркістанда да басталды, деп хабарлайды 24kz.
Тазалық шарасына облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары партия жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері, тұрғындар мен еріктілер қатысты. Табиғат жанашырлары Ортақ шағын ауданындағы теміржол бойын күл-қоқыстан тазартып, 40 мың шаршы метр аумақты ретке келтірді. Бұл маң қаланың сырты болғандықтан шөп басып, тұрғындар тұрмыстық қалдық тастайтын орынға айналдырған.
Қалыйма Жантөреева, облыстық мәслихат депутаты:
- Шауғар деген мөлтек аудан өте лас мөлтек аудан. Он бас бастауыш партия ұйымы бүгін осы жерде жұмыс істеп жатыр. Бұл табиғатқа деген жанашырлық, экологиялық мәдениетті қалыптастыру ғана емес, бұл – тәрбие. Өзіңе, үйіңе қалай қарасаң, қоршаған ортаға да солай қарау керек. Тазалық әдетке айналуы керек.