Тараздық балалар «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосып жатыр
Шығармашылықты дамыту орталығының 600-ден астам оқушысы қоқысты кәдеге жаратуды біледі.
Қолөнер бұйымдарын жасап, арнайы көрме ұйымдастырды. Іс-шара жүрген әріптесім Мерей Бает бізбен тікелей эфирге қосылды. Мерей қайырлы күн! Балалар қандай қалдықты кәдеге жаратып жатыр екен?
Мерей Бает, тілші:
- Экологиялық акцияға арналған көрме қала мектептерінің бірінде болып жатыр. Мұнда талантты оқушылар жасаған 200-ге жуық қолөнер бұйымы қойылды. Қолөнерші балалар түрлі картиналар мен қуыршақ, ыдыстар мен қиялынан туған түрлі заттарды жасаған. Былайша айтқанда қажетсіз затты кәдеге жаратып жатыр. Ал шығармашылық орталығының педагогтары осы бағыттағы шеберлік сағаттарын өткізуде. Қазір менің жанымда осы орталықтың педагогі Ботагөз Қуатбек тұр. Мына көрмені жасау идеясы қайдан келді. Жалпы бір бұйымды жасауға қанша уақыт жұмсайсыздар?
Ботагөз Қуатбек, шығармашылықты дамыту орталығының маманы:
- Жобаны бастау идеясы жайында. Заттардың жасалуына бір мысал.
Мерей Бает, тілші:
- Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы аймақта 1700-ден аса сенбілік ұйымдастырылды. Оған 220 мыңнан аса тұрғын қатысты. Сенбіліктерде саябақ-гүлзарлар мен тарихи орындар қоқыстан тазартылды. Сонымен қоса қала аумағындағы каналдар да тазартылып жатыр. Бұл жұмыстар бүгін де жалғасуда. Мәселен қазір мамыр саябағындағы сенбілікке 200 тұрғын қатысуда. Бұл жайында толығырақ кешкі жаңалықтардан айтамын.