Таразда жаңа саябақ салынады

Таразда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Таразда 60 шақырым канал мен су арнасы тазартылады, деп хабарлайды 24KZ.

Шаһар аумағындағы 8 канал мен 40 шақырымдық арық жүйелері де жаңарады. Бұл жұмыстарға 3,2 миллиард теңге бөлініпті.

Жалпы алдағы 3 жылда қала аумағындағы арықтар толықтай жаңғыртылмақ. Экологиялық акция басталғалы Әулиеата өңірінде 1700 мәрте сенбілік ұйымдастырылды. Оған 220 мыңнан аса тұрғын қатысты.

Малтабар Жаманбаев, ардагерлер кеңесінің мүшесі:

- Біздің ардагерлеріміз биыл да акцияға толық қатысып келе жатыр. Осы қала ішіндегі саябақтарға мыңға жуық егуге қатысты. Қаламыздағы үлкен канал – Қарасу каналын тазалауға да қатысты. Ардагерлеріміз жай сөзімен емес, өздерінің ісімен де дәлелді болды.

Бақытжан Орынбеков, қала әкімі:

- Осы каналдарды биыл механикалық тазалаудан өткізіп жатырмыз. Барлық каналдардың ұзақтығы – 60 шақырым. Биыл тазалау жұмыстарын жүргізіп, биыл осы Түйте каналының бойында осы қала тұрғындары үшін каналдың бойын демалыс орнына айналдыру жобасы іске асырылып жатыр.