Бородулиха ауданының тұрғындары «Таза ауыл» акциясына қатысты

Абай облысында «Таза ауыл» апталығы жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан шараға Бородулиха ауданының тұрғындары қатысты. Олар қоғамдық орындар мен ойын алаңдарын қоқыстан тазартуға шықты. Қазір өңірдегі арна тілшісі Рүстем Қайратұлы бізбен тікелей байланысқа шығуға дайын.

Рүстем Қайратұлы, тілші:

-Тазалық акциясына Бородулиха ауданы бойынша мекеме ұжымдары мен ауыл тұрғындары шықты. Абай облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ХХ маусымы басталған еді. Қазір Өңір жастары «Таза Қазақстан» акциясында өте белсенді. Барлығы 80-ге жуық адам жұмылдырылған. Қазір жастармен тілдесіп көрелі

Қуаныш Тусив, «Жасыл ел» жастар жасағының мүшесі:

- Бородулиха ауданының тұрғындары жас қарағай көшеттерін күтіп-баптаумен айналысып жатыр. Қоғамдық орындарды тазалап, әктеу, бояу жұмыстарына кіріскен. Биыл Абай облысындағы «Жасыл ел» еңбек жасағына 1000-нан аса адам тартылған. Олар өңірді абаттандырумен қатар көгалдандырумен айналысады. Жалпы «Таза ауыл» апталығына Бородулиха ауданындағы 18 ауылдық округ қатысады.