«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында 80 мыңға жуық көшет егілді
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясына «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды 24kz.
Табиғат сақшылары тұрғындар және түрлі мекеме ұжымымен Сарқан, Басқан өзендерінің бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Ағаштардың діңін әктеп, қаулай өскен шөпті шапты. Арықтарды тас пен қураған ағаштардан арылтты. Шараға 200-ге жуық адам қатысты. Жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Меруерт Сүлейменова, «Жоңғар Алатауы» МҰТП бөлім басшысы:
- Сарқан ауданында өзіміздің тұқымбақ бар. Сол тұқымбақтардан алып, Сарқан ауданының жастар паркінің аумағында әкімшілік ғимараттардың ауласында одан кейін мектептердің аулаларында 70-80 мың түп ағаш көшеттерін отырғыздық.
Алмас Байғонысов, Сарқан ауданы әкімінің орынбасары:
- 40қа жуық іс-шара өтті. Сенбіліктер, сәрсенбіліктер тазалық акциялары, 9 мыңға жуық халық өз үлестерін қосты.