«Таза Қазақстан»: Road-эстафетаға қарағандылық жастар қосылды
Елордадан шығып, Астана – Алматы тасжолының бойын қоқыстан тазартып келе жатқан керуенге қарағандылық жастар да қосылды, деп хабарлайды 24kz.
Осылайша, «Жастар рухы» бірлестігінің еріктілері мен «Amanat» партиясының өкілдері тазалық акциясына ат салысуда. Олар Құрма, Ақсу – Аюлы, Ақшатау елді мекендері мен Балқаш , Приозерск қалаларының үстімен өтіп, Жамбыл облысының шекарасына дейін барады. Road-эстафетаның бірінші күнінде 13 тонна қоқыс жиналып, полигонға жеткізілген. Экологиялық акцияға жол бойындағы өңірлерден барлығы 2 мыңнан астам ерікті қатысады.
Бекзат Алтынбеков, «Amanat» партиясы қарағанды облыстық филиалының төрағасы:
- Бұл – Road-эстафетаның ең ұзын көлемі біздің Қарағанды облысына жатады 700 шақырым. Яғни, біз Осакаровкадан бастадық, кешегі күні Қарағандыға едйін келдік. Жамбыл облысының аумағында осы эстафетаны сол жақтағы әріптестерімізге тапсырамыз. Қарағанды облысы бойынша 1000-ға тарта еріктілер қатысады деп отырмыз