Экологиялық марафон Қарағандыға жетті
Road-эстафета Қарағандыға жетті.
Экологиялық марафонның мақсаты «Астана - Алматы» тасжолын қоқыстан тазартуға негізделген. Жет күндік шара «AMANAT» партиясының мұрындық болуымен Астанадан бастау алды.
Баршын Ардақова 10 сыныпта оқиды. Биыл «Жасыл ел» жасағына ілігіп, Астанадан шыққан road-эстафетаға қатысып отыр. Рсепублика көлемінде өтіп жатқан ауқымды экологиялық акциядан тыс қалмағанына қуанышты екенін айтады.
Баршын Ардақова, оқушы:
- Аңдып жүрдім осы бағдарламаны. Осы бір апта жұмыстан кейін мен көптеген жаңа табыстар таптым. Көптеген жаңа тәжірибе алдым. Осы экомарафонның міндеті, құрылымы маған ұнайды. Оның қатысушысы болғаныма қатты қуаныштымын.
Астанадан 10 маусымда шыққан Road-эстафетаны Осакаров ауданы тұсынан қарағандылықтар қабыл алды. Алғашқы күннің өзінде еріктілер жол бойынан 13 тонна қоқыс жинап, полигонға төкті. Ал бүгін кеншілер қаласынан Алматыға қарай жол тартты. Олар Құрма, Ақсу-Аюлы, Ақшатау елді мекендері мен Балқаш, Приозерск қалалары арқылы Жамбыл облысына дейін барады.
Бекзат Алтынбеков, "AMANAT" партиясының ОФ төрағасы:
- Бұл Road-эстафетаның ең ұзын көлемі біздің Қарағанды облысына жатады. 700 шақырым. Яғни біз Осакаровкадан бастадық, кешегі күні Қарағандыға дейін келдік. Жамбыл облысының аумағында осы эстафетаны сол жақтағы әріптестерімізге тапсырамыз. Қарағанды обылсы бойынша 1 мыңға тарта еріктілер қатысады деп отырмыз.
Экологиялық акцияға «Астана - Алматы» тасжолы бойындағы 4 облыстан екі мыңнан астам ерікті қатысады. Road-эстафета 1200 шақырымды қамтиды. Осынша қашықтықта жол жиегіндегі қоқыс тазаланады. Ал 15 маусымда Қонаев қаласында қорытындыланып салтанатты шараға ұласады.
Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар