Алматы облысында еріктілер 100 тонна қоқыс шығарды
«Таза Қазақстан» Road-эстафетасы түйінделді.
Бір аптаның ішінде Қонаев қаласына дейін жүріп өткен еріктілер 100 тонна қоқыс қалдықтарын жинады. Ал AMANAT партиясының 2 мыңға жуық белсендісі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері «Астана - Алматы» тас жолын қоқыстан тазартты. Бұл іс-шара Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылды. Айта кету керек, экокеруен Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарын қамтыды. Бұған 4 өңірдің командалары қатысты.