«Таза Қазақстан» акциясына 2,4 млн адам қатысты

Жүздеген мың аула мен 20 мыңнан астам әлеуметтік нысанның аумағы тазартылып, 900 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

2,5 миллион көшет отырғызылды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында су тасқыны болмаған өңірлерде өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының қорытындысы. Игі шара аясында 4,6 мыңнан асатын қоғамдық орындар, саябақтар, шағын бақтар абаттандырылды. Бұл іс-шараға 2,4 миллионға жуық адам қатысты. Еріктілер өзендер мен көлдердің айналасындағы 5,8 миллион шаршы метрден астам аумақты қоқыстан тазалаған. Қазір бұл акцияға су деңгейі төмендеп, қауіп-қатердің беті сейілген өңірлер қосылды.