Ақтөбеде еріктілер өзен жағалауын тазалады
Ақтөбеліктер сенбілікке шығып, Елек өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты.
Қалада экологиялық акиця жалғасып жатыр. Бұл жолы еріктілер қатарына пробациялық бақылаудағы жастар қосылды. Олар қаланың ортасынан өтетін өзеннің бойын абаттандыруға атсалысты. Су тасқыны кезінде жағалау ластанып, қоқыс жиналып қалған еді. Осылайша жастар тек елдімекендер емес, табиғат аясының да тазалығын сақтауға үлес қосып жүр.
Еркебұлан Мұхтарұлы, қалалық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
- Біздер жастарды қоғамды таза ұстауға және де алдағы уақытта өзіміздің қаламызды ластамауға шақырамыз. Белсенді жастар осындай іс-шараға атсалысып, өз көмектерін беріп келеді. Осымен біздер тоқтап қалмаймыз. Апта сайын біз әр территорияларға, жағалауларға барып, қоқысын шығаратын боламыз.