Францияда қуаңшылықпен күрес күні Қазақстанға арналды

Францияда қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күні Қазақстанға арналды.

Париждік экобелсенділер Алматыдан келген зерттеушілермен бірге климаттың өзгеруін талқылады. Жаһандық жылынудың әсері қатты сезіліп отырған аймақтың бірі Орталық Азия. Табиғат жанашырларының өңірге ерекше мән беруі де осыдан. Жуырда Алматы облысында француздармен бірге осы климаттың өзгеруіне қатысты бірнеше шара өткен. Проблемаға әсіресе қазақстандық оқушылардың назары ауып, бұл ұйымдастырушыларды таңқалдырды. Сол себепті келешекте Парижде оқушылармен бірге ортақ іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Эстель Пейен, климаттың өзгеруі жөніндегі қауымдастық президенті:

-Осы Парижде тұрып, Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі туралы айту аса маңызды. Ал өңірге барғанда мен Франциядағы экологиялық мәселелер жайлы сөз қозғаймын. Сонда адамдар жаһандық жылыну тек нақты бір аймақтарға ғана қатысты емес, бәрімізге ортақ проблема екенін түсінеді.