ШҚО-да алтын фабрикасы экологиялық талапқа сай

Маралды ауылындағы Алтын фабрикасының құрылысы қолданыстағы экологиялық заңнамаға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Алтай қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтты. Оның айтуынша, кәсіпорында шаң-тозаңнан қорғау жабдықтарын орнату қарастырылған. Кәсіпорында 300-ге жуық жұмыс орнын ашылады деген жоспар бар. Сондай-ақ мембраналық тазарту жүйесі қолданылады. Министр Алтай қаласында жаңа экологиялық жобаларды енгізу қажет екенін де атап өтті.