Жетісу облысында ауылдардан 6 мың тонна күл-қоқыс шығарылды

«Жасыл ел» жасақтары Жетісу облысында қызу жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін олар екі мәрте социалистік Еңбек ері Нұрмолда Алдабергеновтің мемориалы орнатылған саябақты қоқыстан тазартты. Ол өз заманында Жетісу өңірін дамытуға зор үлес қосқан тұлға. Атап айтар болсақ, қант қызылшасын өсіріп, өңдеу ісінде жарқырай көрінді. Бүгінде бұл сала жаңа сатыға көтерілді. Экологиялық қозғалыс мүшелерінің қатары күннен күнге көбейіп келеді. «Тазалық акциясы» басталғалы бері Көксу ауданына қарасты ауылдардан 6 мың тоннаға жуық күл-қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Аудан бойынша осындай 30 шақты іс-шара өтті.

Қуаныш Ержанұлы, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

- Акция аясында 12 300 адам жаңағы акцияға қатысты. 6 мың тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды. 8 мыңға жуық ағаш егілді. 40 мың түп ағаш әктелді. Акцияға 40-тан аса техника қатысты және 90 шақырымнан аса арық жүйелері тазаланды.

Аружан Отарбаева, Алғабас ауылының тұрғыны:

- Тазалық ол иманның жартысы ғой. Біз әрдайым осы экологиялық тұрғыда өзіміздің көмегімізді тигізсек, еліміз таза әрі жарқын болады деп ойлаймын.