Павлодарда жастар экологиялық тимбилдинг өткізді

Павлодарда «Жасыл ел» студенттердің еңбек жасағы «Jasyl Party» экологиялық тимбилдингін өткізді, деп хабарлайды 24KZ.

Ертіс өңірінің жастары осылайша «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қолдау көрсетті. Көңілді ойыннан кейін олар Усолка өзенінің жағасында орналасқан шаңғы базасын қоқыстан тазартты. Бұл – қала тұрғындарының сүйікті демалыс аймағы. «Сондықтан әрдайым таза болу керек», – дейді олар.     

Арина Краскова, "Жасыл ел» жасағының штаб командирі:

- Біз әрқашан кез келген экологиялық акцияларды қолдауға тырысамыз. Тиісінше еңбек маусымында «Таза Қазақстан» акциясына белсенді үлес қосатын боламыз.