Шардаралық спортшылар тазалық акциясын өткізді
Шардаралық қолкүрес спорт шеберлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосты, деп хабарлайды 24KZ.
Күннің ыстығына қарамастан аудан орталығында экологиялық сенбілік ұйымдастырды. Тазалық шарасына 50-ден астам спортшы, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты. Олар көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы мен ойын алаңдарын және қала көшелерін күл-қоқыстан тазартты. Спортшылар қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптасыру шараларына дәстүрлі түрде қатысатын болды.
Айта кетейік, Шардара қолкүрес мектебі 127 әлем чемпионын даярлап шығарды.
Нұрдәулет Айдархан, қолкүресінен 6 дүркін әлем чемпионы:
- Өздеріңізге белгілі, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық аймағында жүріп жатыр. Ол акцияға шардаралық спортшылар да өз үлесін қосып жатыр. Өзінің елін сүйетін әрбір адам тазалыққа үлесін қосуы керек. Баршаңызды тазалыққа шақырамын.