Ақтөбеде жастар өзен жағасын тазалады

Табиғат аясын таза ұстайық.

Кезекті экологиялық шараға шыққан ақтөбелік жастар демалушыларды қоқыс қалдырмауға шақырды. Бұл жолы жүзден астам еріктілер мен «Жасыл ел» жасағының белсенділері Қарғалы өзенінің жағалауларын жинады. Көпшілік салқын суы бар, самалы есетін көгалдарда жаздың аптап ыстығынан жан сауғалағанды сүйеді. Алайда жастардың айтуынша отырған орнын жиып, тұрмыстық қалдықтарды тиісті орындарға тастайтыны некен-саяқ. Сондықтан белсенділер қоғамда экология мәдениетін қалыптастыруға ниетті.

Артур Қазиев, "Жасыл ел" жасақтары төрағасының орынбасары:

- Осы акция бізде жиі өткізіліп жатыр ғой. Демалысқа келгеннен кейін қала тұрғындарын, қала қонақтарын  судың жағасын таза ұстауға шақырамыз. Өзіміздің жерімізді өзіміз таза ұстамасақ, басқа ешкімге керек емес деген ойдамыз.