«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында экоакция басталғалы 11,5 мың тонна қоқыс жиналды

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы 11 мың 500 тонна қоқыс жиналды.

Жалпы аймақта 700-ден аса сенбілік ұйымдастырылған. Жалпыұлттық акцияға мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар тұрғындар, белсенді жастар мен мәслихат депутаттары да қатысуда. Бүгін сол азаматтар шаһардағы каналдың бірін тазалады. Су арнасынан 5 тоннадан аса қоқыс шығарды. Жалпы «Аманат» партиясының бастамасымен өңірдің ластанған аумақтарының кешенді картасы әзірленген. Сол жоспар бойынша апта сайын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Дауыл Бейсенқұлов, "Аmanat" партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы:

- Партиядан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, партия белсенділерін жастар өкілдерін осы акцияға жұмылдырып, әр бейсенбі сайын 2 сағат көлемінде алдын ала мониторинг жасап қала іргесіндегі қала ішіндегі қоқыстарды ластанған жерлерді анықтап сол жерде осындай сенбіліктер ұйымдастырылады.