Абай облысында Ертістің жағасы тазартылды
Абай облысында Ертіс өзенінің жағасы қоқыстан тазартылды.
Аманат партиясының Абай облыстық филиалы ұйымдастырған сенбілікке белсенді жастар мен бірнеше мекеме ұжымы болып, барлығы 100 ге жуық адам шықты. Жалпы, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына облыстың 80 мыңға жуық тұрғыны үлес қосты. 52 мың аула тазартылып, 35 мың тонна қоқыс шығарылды.
Ерсінбек Өрлеубек, жастар ресурстық орталығының сектор меңгерушісі:
- Облысымыздың жастары, белсенді еріктілер Аманат партиясының мүшелері барлығы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қаламыздың, өңіріміздің таза болғаны өзімізге жақсы. Сондықтан барша қазақстандықтарды елімізді таза ұстауға шақырамын.