Арал теңізінде су көлемі артты
Жыл басынан бері Солтүстік Аралға 1 миллиардтан астам текше метр су түсті.
Осылайша кіші теңіздегі су көлемі 21 миллиард текше метрден асып кетті. Сырдария өзені ағынының 75 пайызы Қырғызстанда, 20 пайызы Өзбекстанда және қалғаны Қазақстанда қалыптасады. Құрамына 5 ел кіретін мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының 86-отырысында Солтүстік Аралға бөлінетін су көлемі нақтыланған. Яғни тараптар егінді суару маусымында ағын екпіні секундына кемінде 30 текше метр болады және 1 миллиардқа жуық текше метр су жіберіледі деп келіскен.
Мөлдір Әбдуалиева, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі:
- Қазір теңізге секунтына 50 текше метр су келеді. Бір жыл бұрын ағын секунтына 6 текше метр болатын. 2005 жылы Солтүстік Аралды оңтүстіктен бөліп тұрған Көкарал бөгетінің құрылысы аяқталды. Бөгет Солтүстік Арал теңізіндегі су деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.