Ақтаудағы жағажайға жақын аумақта бір ай бойы сенбілік өтеді
Ақтауда қала жағажайы тазартылып жатыр.
«Таза Қазақстан» эконауқаны аясында «Самал» мөлтек ауданынан бастап «жылы жағажайға» дейінгі аумақта бір ай бойы сенбілік өткізу жоспарланған. Осы мақсатқа әкімдіктен 20 миллион теңге бөлінді. Тендерді ұтқан мердігер мекеме жұмысшылары таңнан бері №1 мөлтек аудан жағалауында қоқыс жинап жүр. Теңіз жиегінде жатқан тастарды, теңіз балдырын арнайы техникамен күреп полигонға тасиды. Бұған дейін Ақтаудың өндірістік аймағынан 25 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылып, бірнеше заңсыз қоқыс алаңы жойылған.
Айдар Бисенов, қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі:
- Бұған дейін мұндай жұмыстар жүргізілген жоқ. Ағымдағы жылы бірінші рет жүргізілейін деп жатыр. Осы тұрғындардың наразылықтарын, шағымдарына сәйкес осындай жұмысты жүргізуге шешім шығардық. Қазір табиғи құбылыстарға сәйкес Каспий теңізінің тартылуы байқалуда. Сол теңіздің астынан шығып жатқан тастар да мүмкіндігінше барлығы шығарылатын болады.