«Таза Қазақстан»: Шымкентте өзен жағасы күл-қоқыстан тазартылды

Шымкентте Қошқар ата өзенінің жағасы күл-қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды 24kz

Ауқымды шара «Таза Қазақстан» эконауқаны аясында өтті. Таңсәріден сенбілікке шыққан коммуналдық мекеме жұмысшыларына қала тұрғындары көмекке келді. Өзен жағалауында шашылған пластик бөтелке, тағам қалдықтары жүздеген қапшыққа жиналды. Еріктілер қураған тал-көшетті қырқып, су жиегінде жайқалған желекті ретке келтірді.

Айта кетсек, «Қошқар ата» өзені жерасты су көзінен бастау алады. Сенбілік қала көшелері мен саябақтарда жалғасады.

Валентина Невзорова, қала тұрғыны:

- Арнайы техниканың келгені қолымызды ұзартты. Өзен жиегінде қоқыс жинап, тал түптерін әктеп жатырмыз. Шымкентте тұрып жатқаныма 40 жыл болса да, осындай ауқымды шараға алғаш қатысуым. Сенбілік көңілімізден шықты. Айтпағым, табиғат аясын күтіп-ұстау тұрғындарға ортақ міндет.