Еріктілер Сырдарияның жағалауын тазалады
Қызылордада «Аманат» партиясының белсенділері мен «Жастар рухы» ұйымының еріктілері Сырдарияның жағалауын қоқыстан тазалады.
Өзен ағысы қатты болғандықтан, жиналғандарға алдымен сақтық шарасы түсіндірілді. Шомылушылар мен балықшылар жағаға шыны құтыдан бастап, пластик заттарды тастап кетеді. Жылдап жиналған қоқыстан қоршаған ортаға зиян көп. Сондықтан ластаушыларға жауапкершілікті күшейту қажет, - дейді партиялықтар.
Қадиша Қорғанова, "Белкөл" бастауыш партия ұйымының төрағасы:
- Қызылордалық тұрғындарды мен осы «Таза бейсенбі» акциясына белсене қатысуға шақырамын. Бұл «Таза бейсенбі» акциясы қазір Қызылорда облысында, аудандарда, елді мекендерде жақсы жолға қойылған. Міне, сол себепті әрбір азамат өзінің туған қаласына деген сүйіспеншілігін өзінің ортасын таза ұстауды көрсете білу керек деп ойлаймын.