«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында 11500 тонна қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында 11500 тонна қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы Жамбыл облысында 330 мыңнан аса адам тазалық жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды 24kz.

Олар 11500 тонна қоқыс шығарған. Акцияға Amanat партиясының өкілдері де үлес қосуда. Партия бастамасымен «Таза бейсенбі» шарасы қолға алынған. Бүгін соның аясында Қарасу каналының 20 шақырымы қоқыстан тазартылды. Жалпы апта сайын өтетін осы жоба аясында 300 тоннадан аса күл-қоқыс жиналды.

Ерғали Омаров, Амаnat партиясының инспекторы:

- Әр апта сайын, әр бейсенбі сайын бұл акцияға партия белсенділері, Амаnat партиясының өкілдері, соның ішіндегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының өкілдері, жалпы жастар партия белсенділері түгел атсалысуда. Барлық Жамбыл облысының тұрғындарын, соның ішінде қала тұрғындарын, қала тұрғыны ретінде «Таза Қазақстан» акциясына, Мемлекет басшысының бастаған акциясын қолдауға шақырамын.