Петропавлда «Таза Қазақстан» аясында спорттық-экологиялық фестиваль өтті

Петропавлда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Clear Fest» спорттық-экологиялық фестивалі өтті.

Шараға 150-ден аса адам қатысты. Олар қала шетіндегі орман алқабына шығып, қоқыс жинаудан өзара сынға түсті. Әр команда 40 минуттың ішінде қалдықтарды жинап, соңында таразыға тартты. "Басты мақсат жарысу емес", - дейді ұйымдастырушылар. Белсенділер сол арқылы адамдарға ой салып, барлығын тазалыққа шақырады. Жастардың бұл бастамасын қариялар да қолдады.

Бейбіт Әбілов, «Күміс волонтёр» бастамашыл тобының мүшесі:

- «Таза Қазақстан» акциясына қатысып отырмыз біздің ардагерлер кеңесінің жанында құрылған «Күміс еріктілер» деген тобымен. Біздің енді бүгінгі мақсатымыз сол акцияны қолдап, елімізде, тұрған жерімізде жан - жағымызда тазалық болсын.