Арыс тұрғындары жаппай сенбілікке шықты
Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылының тұрғындары жаппай сенбілікке шықты.
Таң атпастан қолдарына құрал-саймандарын ұстап, тазалық шарасына кіріскен жұрт көше бойы мен арық-атыздың ішіндегі күл-қоқысты жинап, жол жиегіндегі арамшөптерді шапты. Барлығы арнайы көлікке тиеліп, полигонға шығарылды. Игі іске ауыл қариялары мен ақ жаулықты әжелер де атсалысты. Үлкендер "ауылымызды гүлдендіріп, көшемізді көгалдандырамыз десек, тазалықты әрбіріміз өзіміздің ауламыздан бастайық" деді. Сенбілік - тазалық кепілі. Ал тазалық жауапкершілікті арттыратынын атап өтті.
Жұмаділлә Қашқынбеков, ауыл қариясы:
- Әр өлкеде өтетін тазалықты бүгін Ақдала елді мекенінде бастап жатырмыз. Бұл жерде «Айпара» тобы бар, Әжелер тобы бар, дәрігерлер бар, әкімшілік, мектеп, бүкіл Ақдаланың жастары, қариялары бәрі қатысып, тазалық күніне байланысты Ақдаламыз таза болсын деп атсалысып жатқан жөні бар.