500 мың шабақ құтқарылды
500 мың шабақ өзенге жіберілді. Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығының инспекторлары дәстүрлі балық қорғау жұмысына кірісті.
Биыл Жайық өзенінде судың молдығынан Индер ауданында 20-дан астам көлшік пайда болған. Енді күн ысып, су тартылғалы ондағы шабақтарға қауіп төнген. Осыған орай инспекторлар құрғай бастаған көлшіктердегі шабақтарды сүзіп алып, өзенге жіберіп жатыр.
Биыл судың молдығымен қоса, табиғи ортаның қолайлы болуы су маржандарының еркін уылдырық шашуына ықпал етті дейді мамандар.
Серікқали Дәуленов, Индер балық инспекциясының бас маманы:
- Сазан балығының шабақтары бар, табан, қаракөз көп. Мөңке балығының шабақтары мол және биыл дөңмаңдай балығының шабақтары да көріне бастады. Дөңмаңдай уылдырық шашуға ауданымызға көп келмейтін еді. Ол шабақтарды құтқару жұмыстары жүргізілуде. Жайық өзеніне жіберіледі. Онан басқа да судың температурасын, оттегін - бәрін күнделікті қадағалауда ұстап отырамыз.