Табиғатты күл-қоқыс басып барады
Тау бөктерінде демалып, тыныққаннан кейін қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау – ізгіліктің белгісі.
Бірақ табиғат аясына шығып демалғанымен, отырған орнына қоқыс шашып кететіндер көп. Түркістан облысының Табиғат жанашырлары өзен жағасында шашылып жатқан шыны және пластик шөлмектерді жинап, тау бөктерін күл-қоқыстан тазартты.
Сонымен қатар, белсенділер аптап ыстықтан қашып, тауға демалуға барған азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны таза ұстап, табиғат-ананы аялаудың маңыздылығын айтты.
Бақытжан Сарбасов, Алатау ауылдық округінің тұрғыны:
- Таза жерде жаның да таза ғой. Әр қайсымызда ұят болу керек. Міне, бүгін Алатау округіндегі тау бөктерінен қоқыстар жиналып жатыр. Сіздерден өтінішіміз, қоқыстарыңызды қоқыс тастайтын орындарға тастасаңыздар.