Текелі қаласының экология мәселелері талқыланды

Текелі қаласының экология мәселелері талқыланды

Жетісу облысы Текелі қаласында экология мәселелері мен климаттың өзгеруі талқыланды, деп хабарлайды 24kz.

Жиынға Парламент Сенатының депутаттары, ғалымдар, жоғары оқу орындары мен «Жасыл академия» ғылыми-білім орталығының өкілдері қатысты. Басты тақырып – еліміздегі су қорын тиімді пайдалану және сақтау жолдарын қарастыру. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда отандық кәсіпорындар ғылыми технологияларға иек артуы тиіс. Бұл жүйеге жарты жылдан кейін Қазақстанның 50 алғашқы компаниясы ауысады. Басқосу соңында тараптар арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Соңғы 2-3 жылды алатын болсақ, Қазақстанда әртүрлі жағдайлар болды. Жер сілкінісі болды, өрттер болды, су тасқындары болды. Осының бәрі климаттың өзгеріп жатқанына байланысты болып жатқан нәрселер. Осының алдын алу шараларына байланысты биылғы жылы Қазақстан 17 мақсатты алдына алды. 2025 жылға дейін оны қолға алып жеткізу керек.