Балқаш та Аралдың кебін кимей ме?
Балқаш тартылып барады. Көлге құятын негізгі өзен Іледен су аз келеді - дейді табиғат жанашырлары.
Сондықтан Балқашқа келетін өзендердің арнасын тазалау, шағын шығанақтарды азайту сынды жұмыстарды қолға алу керек.
Мамандардың айтуынша соңғы жылдары Балқаш көлінің деңгейі 2 метрге дейін түсіп кеткен. Тек биыл 15 сантиметрге молайған. Алайда бұл экологиялық мәселенің шешімі емес. Көлдің тартылуы ондағы тіршілік иелеріне де айтарлықтай зиянын тигізіп отыр, - дейді ғалымдар.
Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Балқаш бөлімшесін басқаратын Еркінбек Құматаевтың айтуынша бұл экологиялық мәселе. 2021 жылдан бастап көл айтарлықтай тартылып, балық азайып кеткен. Табиғи көбейуіне жайлы, жағалауға жақын жерлер тайыздай бастаған. Қазір ғылыми орталықта қолдан көбейту жұмысы қолға алынды. Бірақ Балқаштың балығын молайту үшін үлкен қойма салынғаны дұрыс, - дейді мамн
Еркінбек Құматаев, "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" Балқаш бөлімшесінің басшысы:
- 2021 жылмен салыстырғанда 2 метрге дейін төмен түскен жерлер бар. Су деңгейі түскен сайын балыққа зиянын тигізеді. Ең бірінші балықтың уылдырық шашуына. Мына қамысты, жақсы жайылымды, уылдырық шашатын аумақтарда су деңгейі түсіп, ол жаққа балық кіре алмайды.
Жалпы аумағы 18 мың гектарды алып жатқан көлде су көлемі 100 текше шақырым. Тереңдігі орташа есеппен 6 метрге жуық. Оған 5 өзен құяды десек, соның дені Іледен келеді. Аспан асты елінен бастау алатын бұл өзеннен соңғы жылдары су аз келуде,-дейді мамандар. Егер көл осы бетімен тартыла берсе, келешекте су жолдарының бағыттары да өзгеруі мүмкін. Бірақ әзірге ондай қауіп жоқ.
Роман Даукаев, "Қазақстан су жолдары" РМҚК Іле-Балқаш филиалы өндірістік қызмет басшысының м.а.:
- Су деңгейінің түсуі – кеме жолдарының қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ. Барлық маршрут сақталған. Көлдің тереңдігін үнемі тексеріп отырамыз. Қандай да өзгерістер болса, міндетті түрде алдын-алу шараларын жасаймыз.
Балқаш өндірісті қала. Кәсіпорындар тарапынан көлге қандай да бір зардап тиіп жатқан жоқ,-дейді экологтар. Жыл сайын мониторинг жүргізіліп, көл суын пайдаланатын кәсіпорындардың жұмысы текесеріліп отырады.
Шолпан Өтебаева, облыстық экология департаментінің Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік инспекторы:
- Балқаш көліне өндірістік қалдықтар ағызылмайды. Біз мұны үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Тек су алатын кәсіпорындар бар. Бірақ инспекцияның рқұсатымен белгілі бір мөлшерде ғана пайдаланады. Оның өзінде пайдаланылған суды сүзгіден өткізіп, анағұрлым таза етіп көлге қайта құяды. Табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына еш әсері жоқ.
Балқаштық ғалымдар көлді сақтап қалудың тағы бір жолы – шағын шығанақтарды азайту дейді. Бірақ бұл да уақытша амал. Егер Іледен мол су келмесе, көл тартыла бермек.
Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, 24.KZ, Қарағанды облысы