Курчатов қаласында Ертіс өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

Белсенді жастар мен депутаттар екі шақырым жол жүріп өтіп, 40-қа жуық қапқа толтырылған қоқыс жинап алды.

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 85 мыңға жуық адам науқанға үлес қосты. Осы уақыт аралығында арнайы полигонға 50 мың тоннадай қоқыс шығарылды.

Нұрайлым Русланқызы, «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшесі:

- Бұл акция қаламызды тазарту үшін, әдемілеу үшін. Бастысы бұл өзіміз үшін. Өйткені таза жерде өмір сүрген жақсы ғой. Біздің қаламызға өзіміз қарамасақ, кім қарайды. Біз жастар болған соң қаламызды қарап, таза ұстап отыруымыз қажет.