Орал жастары қалалық саябақты қоқыстан тазартты
Қала тазалығы – өз қолымызда. Оралдық жастар осындай ұранмен «Өнегелі ұрпақ» экоакциясына атсалысты, деп хабарлайды 24KZ.
Олар Құрманғазы мен Дина Нұрпейісованың ескерткіші орнатылған қалалық саябақты қоқыстан тазартты. Осылайша Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» акциясы қарапайым сенбіліктен бөлек мазмұнды шараға айналып барады. Ардагерлер мен қаланың құрметті азаматтары да бұл іске атсалысып, жастарға акция өтетін жердің тарихы туралы қызықты мәліметтерін айтып, уақытты тиімді өткізіп жатыр. Бұл жолы волонтерлер бір жүк көлігіне пара-пара қоқыс жинады.
Бейбарыс Насибуллин, оқушы:
- Мына жаққа өз үлесімді қосуға келдім. Жастарға үлгі болғым келеді. Жастарға айтарым, осы Оралды таза ұстайық! Өйткені Қазақстан бойынша тазалықтан 12 қаланың ішінен Орал бірінші орында тұр.