Теміртаулықтар стадион аумағын тазалады
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында теміртаулықтар металлургтер стаионы аумағын тазалады, деп хабарлайды 24KZ.
Алдағы жексенбі – Металлургтер күні. «Бүгінгі тазалық шарасы – осы мамандық иелеріне деген құрмет және қала тазалығына қосқан үлес», – дейді ұйымдастырушылар. Іс-шараға жиналғандар арасында спортшылар, жайдарманшылар, этномәдени бірлестік өкілдері де бар. Экоакция алдағы уақытта да жалғасады.
Айбар Нұрбаев, «Жасыл ел» жасағының сарбазы:
- Стадион аумағында шөп шауып, қоқыс жинап жатырмыз. Әр сенбіліктен кейін жұмыстың қорытындысы көрініп тұрады. Қаламыз таза болады. Қоқыс көрінбейді. Еңбегіміз көрініп тұрады.