Дүниежүзілік банк Арал теңізін құтқаруға грант бөледі

Арал теңізін құтқаруға Дүниежүзілік банк арнайы грант бөледі.

Қазір тиісті құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді. Тартылып бара жатқан Арал байырғы кейпіне оралуы үшін кешенді жоба қолға алынды. Нәтижесінде Көкарал бөгеті салынып, Солтүстік Аралдағы су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті. Екінші кезеңде Солтүстік Арал, Сырдария өзендері саласындағы инфрақұрылым дамытылып, өңірде экологиялық жағдайды жақсартуға мән беріледі. Сондай-ақ ведомсво басшысының айтуынша, су ресурстарын басқарудың ақпараттық базасы жаңартылады.