Бұқтырма жағалауынан 3 тонна қоқыс шығарылды
Шығыс Қазақстанда Бұқтырманың үстінен салынып жатқан көпірге кіретін жол бойы мен жағалаудағы Құйған ауылының маңайы күл-қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды 24KZ.
«Таза бейсенбі» акциясына күршімдік жастар мен «AMANAT» партиясы аудандық филиалы тарапынан жалпы 50 адам атсалысты. 13 гектар аумақтан 3 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жерді таза ұстаудың маңызы жоғары. Көпір құрылысы аяқталса, Құйған туристік елді мекенге айналады.
Мұхаметкәрім Құсайынов, Құйған ауылдық округінің әкімі:
- Бүгінгі күні Ертіс жағалауына, атап айтқанда, Құйған ауылдық округі жағалауына көптеген демалыс орындары қазіргі кезден бастап салынып жатыр. Бұрынғы алған жерлерін қалыпқа келтіріп, атап айтқанда, 8-9 киіз үй құрылды. Соған қазір халықтың өзі кеп демалып жатыр.