Атырауда тасқыннан кейінгі тазалық жұмыстары жалғасып жатыр

Атырауда да «AMANAT» партиясы филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Қала іргесіндегі Береке ауылы мен Индер ауданының орталығында мәслихат депутаттары, жастар мен бірнеше мекеме ұжымы тазалық жұмыстарына атсалысты. Жайық өзенінің жағалауы тасқын кезінде салынған қаптардан толық тазартылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғауға арналған іс-шараға 70-ке жуық адам қатысқан. Экологиялық акция күзге дейін жалғасады.

Құтжан Құлмашев, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:

- Бір сенбілікке қарап сеніп қалмайық деген оймен, партияның ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» акциясын өткізіп жатырмыз. Бұл өзіміздің 24 061 партия мүшесі бар, 106 бастауыш партиясы бар, өзіміздің облыстық филиалдың ұйымдастыруымен әр бейсенбі сайын барлық филиалдарда осы «Таза бейсенбі» акциясы өткізіліп отыр.