Елдегі орман алқабы 30 мың гектардан асады

Жер көлемі бойынша әлемде 9-шы орын алатын Қазақстан үшін бұл алқаб, әрине, аз. Орманның флорасы мен фаунасын қорғау, қызыл жалынға жол бермеу, күтіп-баптау, көшет отырғызу секілді көптеген жауапты іс орман шаруашылығына жүктелген.

Дей тұрғанмен көздің көркі, табиғаттың сұлу пішіні – жасыл байлықтың азып-тозбауына барлық адам мүдделі. Көкірек көзін ашатын таза ауаның тұрағы да жасыл орман. Сондықтан адамдардың бәрі олардың қорғалуына жанашырлық танытуы керек.

Сонымен табиғатты қорғау ұйымдары үшін 68 млрд теңгеге техникалар сатып алынады. Бұл шаралар Үкіметтің дәл осы салаға арналған бесжылдық кешенді жоспары аясында көзделіп отыр. Былтыр мыңнан астам техника алынған. Елдегі мемлекеттік орман қорының көлемі 30 млн гектардан асады. Оның 75%-і облыстық әкімдіктердің теңгерімінде болса, қалғаны комитет қарамағына тиесілі. 10 мемлекеттік табиғи қорық пен 14 ұлттық табиғи парк бар. Бүгінде мекемелердегі өрт сөндіру машиналарының 72%-і, тракторлар мен патрульдік көліктердің тең жартысының тозығы жеткен.