Жетісудағы Кербұлақ ауданынан 300 тонна қоқыс шығарылды
Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тұрғындары аптасына бір ауылды тазалау бастамасын қолға алды.
«Таза Қазақстан» акциясы шеңберіндегі шара «Біз таза ел үшін» деп аталады. Аудан орталығынан бастау алған сенбілікке 15 мекеменің жұмысшылары жұмылдырылды. Сонымен қатар әскерилер, аудан орталығы және ауылдардан келген 1300-ден аса адам қатысты. Олар саябақтарды және тарихи мәдени ескерткіштерді ретке келтірді. Көше бойындағы шөптерді шауып, арықтарды тазалады. Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатовтың айтуынша, экологиялық акция кезінде 300 тоннадан аса қоқыс шығарылған.
Қанат Есболатов, Кербұлақ ауданының әкімі:
- Бізде 15 ауылдық округ бар. Әр ауылдан 15 адамнан шақыртып, аудан орталығын тазалап алайық деп, келесі кезең-кезеңмен округтерге баратын боламыз.