«Жасыл ел» қатары 1000 адаммен толықты
Алматы облысында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында мыңнан аса жас жұмыспен қамтылады деп хабарлайды 24kz.
14 пен 35 жас аралығындағы еңбек жасақтары екі ай бойы аймақты абаттандыруға, көгалдандыруға жұмылдырылады. Әрі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысып, елді мекендерді тазалауға атсалысады. Қонаев қаласында өткен 20 маусымның ашылу салтанатынан кейін жасылелдіктер бірден өз жұмысына кірісті. Олар Қапшағай су қоймасының жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
Мәди Ахметов, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы:
- Алматы облысы туристік аймақтарға өте бай. Жазғы маусым кезінде келетін туристер өте көп. Қапшағайдың жағалауы болсын, Түрген, Көлсай, Қайыңды болсын, сол жерлерде арнайы акциялар өткізіп, ақпараттық жұмыстар жүргізіп, экологиялық мәдениетті сақтау қалыптастыру бойынша жоспарланған жұмыстар жүзеге асырылатын болады.