Павлодарда Ертіс өзенін экопатруль күзетеді
Павлодарда экологиялық патруль құрылды деп хабарлайды 24kz.
«Жасыл ел» жасағы Усолка өзенінің бойын бақылауға алып, жағалаудың тазалығына жауапты болады. Себебі бұл жер тұрғындардың көп келетін орны. Еңбек жасағы аймақта тұрақты түрде сенбілік өткізіп тұрады. Соңғы рет өзен жағасынан 5 тоннадан аса тұрмыстық қалдық шығарған.
Арина Яковлева, қалалық «Жасыл ел» штабының отряд жетекшісі:
- Жасылелдіктер күн сайын Усолка өзенінің бойын тазалайды. Соның өзінде көп мөлшерде қоқыс шығарылады. Себебі демалушылардың көбі Усолкаға келіп табиғат аясында тыныққанымен, соңынан қалдықтарын шашып кетеді.